
Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан халықаралық көпкүндік «Золото Ладоги» веложарысында қазақстандық спортшы Валиев Альмир жоғары нәтиже көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Золото Ладоги» — халықаралық деңгейдегі беделді көпкүндік тас жол веложарыстарының бірі. Биылғы жарыс бағыты Санкт-Петербург қаласы, Ленинград облысы және Карелия аумақтарын қамтыды.
Дәстүрлі додаға Ресей, Қазақстан, Беларусь және өзге де елдердің мықты командалары қатысып, өзара бақ сынасты.
Валиев Альмирді айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!