
2026 жылғы 10-12 сәуір аралығында Қызылорда қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында Т. Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Аталған жарыста 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз Адилхан Сатаев қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің жеңімпазы (алтын медаль) атанды.
Спортшыны жарысқа білікті жаттықтырушы Саддат Гелашвили дайындады.