ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

🔷 Шымкент қаласының палуандары мен боксшылары халықаралық турнирлерде жүлделі атанды.

🔷 Грек-рим күресінен Албанияда өтіп жатқан Muhamet Malo рейтинг турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі жүлдеге қол жеткізді.

🔷 67 келі салмақтағы шымкенттік Мейіржан Шермағанбет финалда грузиялық Диего Чхиквадзені жеңіп, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтынды салды. Ал 63 келі салмақта бақ сынаған Ернұр Фидахметов қола медальге ие болды.

🔷 Бұл турнирге 29 елден барлығы 177 спортшы қатысып жатыр.

🔷 Боксшылар да «Странджа» турнирінде 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

🔷 Болгария астанасы Софияда өткен халықаралық турнирде 54 келі салмақта өнер көрсеткен Элина Базарова финалда Ұлыбритания өкілі Лорен Маккиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанса, 65 келі салмақтағы Лаура Есенкелді күміс медаль иеленді.

🔷 Биылғы жарысқа 31 елден 338 боксшы қатысқан болатын.