
Катардың Доха қаласында өткен стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. 5 алтын, 4 күміс және 5 қола жеңіп алған ұлттық құраманың тарихи жетістігіне Шымкент қаласының спортшылары ерекше үлес қосты.
🔷 Атап айтқанда скит жаттығуында Ольга Хайлова командалық есепте – алтын, жеке сында қола медаль иеленсе, Ратмир Еникеев ерлер командасымен қола жүлдеге қол жеткізді.
🔷 Ал жасөспірімдер арасында Максим Почивалов – жекелей сында күміс, Артём Ревковпен бірге командалық есепте алтын медаль жеңіп алды. Трап жаттығуында жасөспірімдер арасында Денис Кривенко жеке сайыста қола медаль иеленді.
🔷 Ерлер арасында Максим Бедарев күміс медаль алса, әйелдер арасында Наргиза Сарманова мен Анастасия Прилепина құрама сапында чемпион атанды.
Чемпионат барысында қазақстандық спортшылар үш Азия және әлем рекордын жаңартты.