
Азия чемпионаты 2026 жылғы 11–22 қаңтар аралығында Катар мемлекетінің Доха қаласында өтуде. Беделді бәсекеге 20-дан астам елдің таңдаулы спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Қазақстан ұлттық құрамасы үшін сәтті басталды. Командалық «скит» жаттығуы бойынша ұлттық құрама жоғары нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Аталған жеңіске Шымкент қаласының спортшысы Хайлова Ольга айрықша үлес қосты. Оның сәтті өнер көрсетуі ел мерейін үстем етіп, ұлттық құраманың жеңісін қамтамасыз етті.