Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Сейтеновтің төрағалығымен Бас жоспарға қатысты маңызды жиналыс өтті.
Жиналыста Шымкент қаласының бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен түзетулер жан-жақты қаралып, тиісті басқарма басшылары мен мамандардың ұсыныстары тыңдалды.
Қала дамуының басым бағыттары, жаңа тұрғын аудандардың құрылысы, инфрақұрылымды дамыту және экологиялық талаптарды сақтау мәселелері күн тәртібінде болды.
Жиналыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, бас жоспарды жетілдіру жұмыстары жалғасатын болады.