Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары салынып жатқан (салынуы жоспарланған) нысандар мен кешендерге мониторинг жүргізді.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары салынып жатқан (салынуы жоспарланған) нысандар мен кешендерге мониторинг жүргізді.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 25-бабының 18) тармақшасына сәйкес, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары салынып жатқан (салынуы жоспарланған) нысандар мен кешендерге мониторинг жүргізді.

Аталған тармақша республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыс маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретін айқындайды, атап айтқанда:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, салынып жатқан (салынуы жоспарланған) нысандар мен кешендерге мониторинг жүргізу.