ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.

Жария талқылауға Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мухит Абуталипович, ішкі талдауды жүргізген басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы: топ жекетшісі А.Өмірәлі, топ мүшелері: Е.Қырғызбаев, А.Маханов, Д.Амангелдиев, А.Елеусіз және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері: Өмір Шыныбекұлы, Тұрлыбек Өмірбекұлы Қозыбақов қатысты.

Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жоюды және алдын алу туралы сөз қозғалды.

https://www.instagram.com/reel/DJtO-5upgBm/?igsh=NjQ0YmNkN2RoNzEy