«SHYMKENT IT HUB» ТЕХНОПАРКІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап технологиялық кәсіпкерлікті дәріптеу, ІТ қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Shymkent IT HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын. Бүгінде технопаркте 300-ге жуық тыңдаушымен 25-тен астам IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартаптарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
HUB-тың ресми ашылу рәсіміне ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев және қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.
Министр еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту ісінде цифрландыру үдерісінің мәні зор екенін, «Shymkent IT HUB» қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуы тиіс екенін айтты.
Айта кетейік, «Shymkent IT HUB» – білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметін, технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған.
🔷Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының баспасөз қызметі