⚡️DIGITAL COMPLIANCE ASSISTANT
Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік шараларын іске асыру мақсатында Цифрлық Комплаенс Ассистент жүйесі пилотты жобасы орнатылды. Бұл жоба Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Куатжылуорталык-3» МКК және «Prime Source» ЖШС арасында жасалған төрт жақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Жобаның іске асырылуы барысында жүйенің тиімділігін арттыру үшін басқармалар мен мердігер компания басшыларының қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып, бірнеше ұсыныстар қарастырылды. Цифрлық Комплаенс Ассистент платформасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, процестердің ашықтығын және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.