
⚡️Халықаралық Қауіпсіз интернет күні (Safer Internet Day, SID) жыл сайын 7 ақпанда атап өтіледі.
Бұл атаулы күн азаматтардың ғаламторды қауіпсіз пайдалану туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Ол 2004 жылы алғаш рет Еуропалық Safe Internet бағдарламасы аясында өткізілді.
Бүгінгі таңда бұл іс-шара әлемдік маңызға ие болды және қазір дүниежүзінің көп елінде атап өтіледі.
Бұл күн цифрлық сауаттылық саласындағы білім беруді қолдауға, оң онлайн-тәжірибені қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдерді желідегі ықтимал қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды оқиғаға айналды.