КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Көкбұлақ елдімекенінде инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы мен интернет желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан базалық станция орнатылып жатыр, жұмыстар желтоқсан айының 20-сына дейін аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алапқа келіп, интернет және су мәселесі жақын арада шешімін табатынын тұрғындарға жеткізген болатын.