ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Шымкент қаласының тұрғындарына ескерту!Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің саны артып келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе түрлі ұйымдардың маманы ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректері мен банк карталарының мәліметтерін алуға тырысады. Осындай келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

🔹 Банк картасының нөмірін, CVV кодын, SMS арқылы келген құпия кодтарды ешкімге айтпаңыз;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
🔹 Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді хабарламаларға сенбеңіз;
🔹 Интернет арқылы тауар сатып аларда сатушының сенімділігіне көз жеткізіңіз;
🔹 Жеке мәліметтеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз;
🔹 Кез келген қаржылық операция алдында ақпараттың дұрыстығын бірнеше рет тексеріңіз.

Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз немесе күмәнді қоңырау, хабарлама алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, тиісті органдарға хабарласқан жөн.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың қаржылық қауіпсіздігін сақтаңыз. Интернеттегі сақтық алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.