
Іссапар барысында 300 ш.м аумақта орналасқан Tashenev AI Lab жасанды интеллект зертханасы көрсетілді. Мұнда гуманоид-роботтар, дрон технологиялары, VR-химия, Big Data, 3D басып шығару және AI жүйелері біріктірілген. Шаһар басшысына университеттің дрон-логистика, Smart City және цифрлық білім беру бағытындағы жобалары таныстырылды. Кездесу қорытындысында ұсынылған жобалар жоғары бағаланып, олардың IT саласын дамыту мен Шымкенттің инновациялық әлеуетін арттырудағы маңызы атап өтілді.