Шымкент қаласында қауіпсіздік деңгейі жаңа белеске көтеріледі!

Шымкент қаласында қауіпсіздік деңгейі жаңа белеске көтеріледі!

Ағымдағы жылы қала аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша 4425 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.
Оның ішінде:
🔸 Жалпы бейнебақылау – 3725 дана;
🔸 Жылдамдық өлшегіш құрылғылары – 250 орынға;
🔸 Жол қиылыстарында – 50 көше қиылысына.

🌆 Бұл бастама — қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Бейнебақылау камералары қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алады және жол-көлік оқиғаларының санын азайтып ғана қоймай, жүргізушілердің тәртібін жақсартады.
Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді және қала тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасайтынына сенімдіміз.

🔹 Қауіпсіз қала — бәріміздің ортақ мақсатымыз!