Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының инспекторы мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері келіп, қалалық ақпараттық жүйелердің жұмысы мен бірқатар цифрлық жобалармен танысты.

Іссапар аясында алдымен Shymkent Hub технологиялық паркінің қызметімен, ондағы резиденттер мен стартап-жобалардың жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ Hard Zone аймағында орналасқан Robopark-та балалар әзірлеген роботтық жобалар ұсынылды.

Одан кейін №2 қалалық ауруханада Cerebra AI жобасы таныстырылып, жасанды интеллект технологияларының денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері атап өтілді. Сонымен қатар №8 қалалық емханада PULS AI жобасының іске асырылу барысы қаралып, оны пайдаланушы дәрігерлерден кері байланыс алынды.

Кездесу қорытындысында инспектор Шымкент қаласының цифрландыру деңгейіне оң баға беріп, жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін ерекше атап өтті.