
Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ «Smart Shymkent» жобасы аясында қаланы басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа кезең бастады.
Қала аумағындағы стратегиялық нысандарды бақылау үшін 5 дроннан тұратын бірыңғай инфрақұрылым пилоттық режимде іске қосылды. Жоба қалалық мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.
🚁 Дрондардың негізгі артықшылықтары:
* Заңсыз құрылыс пен жер иемденуді автоматты анықтау
* Қоқыс алаңдарын жедел мониторингілеу
* Құрылыс барысын фото-бейне бақылау
* Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету
Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, қауіпсіздікті арттыруға және басқару процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.