ХАБАРЛАНДЫРУ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуі туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Шымкент қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №18-ж/қ бұйрығына орай, басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқанын хабарланады.
Ішкі талдаудың мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық процестерде орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
Аталған талдау шеңберінде басқарма қызметіне қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда, келесі байланыс арналары арқылы хабарласуыңызға болады:
📞 Сакыбекова Назерке Айтмухамедқызы
Басқарманың мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілермен жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы
Тел.: 8 (7252) 24-75-61, +7 775 470 47 71
📧 E-mail: n.sakybekova@shymkent.gov.kz
Сіздің ұсыныстарыңыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.