Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында 2025 жылғы 14 сәуір мен 2025 жылғы 26 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталып, мынадай қағидаттарға негізделеді:
• объективтілік;
• сенімділік;
• айқындық;
• жан-жақтылық.
Талдау нәтижелері бойынша басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті шаралар қабылданатын болады.