18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Бұл күн ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, қазақы киім үлгісін заманауи стильде насихаттауға арналған.
Қазақ халқының сәндік мәдениеті – ұрпақтар сабақтастығының символы, ұлттық рух пен бірегейліктің айнасы.
Мемлекеттік қызметшілердің кеңсе стиліне ұлттық нақыш енгізуі – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді байланысын көрсетеді.
Бұл қадам өткен мен бүгінді жалғап, ұлттық мәдениетімізді қазіргі заман талабына сай дәріптеуге ықпал етеді.
Ұлттық киім – тек сән емес, халқымыздың мәдени коды.
Бұл құндылықты сақтау мен дәріптеу – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.