Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандарына түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандарына түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кезекті жиын өтті.

Кездесуде  жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.

Сонымен қатар, еліміздің 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығы ескертілді.

Кездесу соңында қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырылды.