2019 жылы өткізілген конкурстар бойынша ақпарат

2019 жылы өткізілген конкурстар бойынша ақпарат

Есепті кезеңде, яғни 2019 жылы жалпы құны 24.1 млрд. теңгеге (ҚҚС-сыз) 58 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.

Атап айтқанда;

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, 26 конкурс жалпы соммасы 434,1 млн. теңге

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, 24 конкурс жалпы соммасы 3,9 млрд. теңге

Шымкент қаласының энергетика және тұрғын үй басқармасы, 5 конкурс жалпы соммасы 10,7 млрд. теңге

Жарияланған конкурстардан саны 55 жалпы соммасы 15,1 млрд.  теңгеге жеңімпаздар анықталған.

Қалған 3 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстар бойынша Шымкент қаласының Полиция департаментіне автомобильдік көлік лизингі, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы және Шымкент қаласының құрылыс салаларына тұрғын үйлер сатып алу бойынша жалпы соммасы 8,9 млрд. теңгеге конкурс екі қайтара өтпеді деп танылғандықтан, бiр көзден мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде 2020 жылы жалғасуда.