Отбасы күні

Отбасы күні

Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні аталып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында отбасы мен балаларды қолдау - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Осыған орай, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Муратов Асилбек Еркинбекович Отбасы күніне орай, басқарма қызметкерлері арасынан жас отбасыларды алғыс хатпен марапаттады.