ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылатын акция сағат 16:00-де Шымкент қаласындағы «Арбат» гүлзарында (Бейбітшілік көшесі, №4–6) басталады.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
Акция барысында азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық мәселелер бойынша заң қоғамдастығының өкілдерінен тегін консультация ала алады.
Іс-шараға жергілікті атқарушы, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар және басқа да заң саласының мамандары қатысады.