ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес, Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу басталды.
      Сыртқы талдау 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 21 қазан аралығында жүргізіледі. Талдау барысында мекеменің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлық процестері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы талаптар мен рәсімдердің ашықтығы жан-жақты зерделенеді.
      Жұмыс қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және олардың туындауының алдын алуға бағытталған ұсынымдар әзірленеді. Азаматтар мен мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
      Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ақпарат немесе мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне хабарласуға болады.

Байланыс ақпараты:
📍 Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 10
☎️ 8 (7252) 24-75-79