«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері қосылды

«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері қосылды

       Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны басталды.
      Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді.
Жоба жеті бағытты қамтиды:
«Кітап оқитын мектеп» – 6–10 сынып оқушыларына арналған;
«Кітап оқитын колледж» – колледж студенттеріне арналған;
«Кітап оқитын университет» – жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған;
«Кітап оқитын педагог» – мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған;
«Кітап оқитын әулет» – отбасылық командаларға арналған;
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» – мемлекеттік қызметшілерге арналған;
«Кітап оқитын зиялы» – жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын азаматтарға арналған.
      Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы жасақталған 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы тиіс. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған.
Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енгізілген. Тізімді қалыптастыру кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер ескерілген.
      Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырман сауаттылығын арттыру, азаматтардың ой-өрісін кеңейту, сыни және талдамалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ үздіксіз білім алуға деген қызығушылықты қалыптастыру.
      Марафонға қатысу тәртібі, бағыттар бойынша ережелер мен кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: reading-nation.kz.
      Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері де республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына қатысу үшін тіркелді.