
Бірыңғай сатып алу платформасының жаңа сыртқы интерфейсінің іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 31 тамыздан бастап сағат 00:00-де мемлекеттік сатып алу веб-порталының сыртқы интерфейсінің мекенжайы өзгереді. Көрсетілген күннен бастап пайдаланушыларды тіркеу және жеке кабинетке кіру үшін авторизация zakup.gov.kz сыртқы интерфейсі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан веб-порталды пайдалану кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.
Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы