Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 473 бұйрығымен мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:
- 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына;
- 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 «Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілді.
№ 473 бұйрыққа сәйкес аталған бұйрықтармен бекітілген тізбелер жаңа редакцияда бекітілді. Өзгерістер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ үлгілік конкурстық және аукциондық құжаттамалар негізінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін өзектендіруге бағытталған.
Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады: zan.gov.kz. ‎