Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – еліміздің дамуындағы маңызды тарихи кезең. Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Ата Заң заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтауға, сондай-ақ еліміздің тұрақты дамуына берік негіз қалайды.
Конституцияның басты құндылығы – адам, оның құқықтары мен заңды мүдделері. Осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, қоғам игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Жаңа Конституция еліміздің өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына және Әділетті Қазақстанды дамытуға қызмет ете берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілейміз! Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!