Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры, ұлттық бірегейлігіміз бен елдік рухымыздың айқын көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры, ұлттық бірегейлігіміз бен елдік рухымыздың айқын көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры, ұлттық бірегейлігіміз бен елдік рухымыздың айқын көрінісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысып, Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.
Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – халқымыздың тарихын, бірлігін, егемендігін және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатып, елдің дамуы мен өркендеуіне деген жауапкершілікті арттырады.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттың рухани қуатын, тарихи сабақтастығын және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқанын айшықтайтын басты нышандар. Сондықтан оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Бүгінде Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен, әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар мемлекет ретінде дамып келеді. Осы жетістіктердің негізінде халқымыздың бірлігі, елге деген адалдық және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жатыр.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына деген сенімнің белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!