Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алуларды талдауды цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алуларды талдауды цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады

2026 жылғы 6 ақпанда OMarket.kz электрондық сауда алаңы мен Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алуларды талдауды цифрландыруға бағытталған алғашқы пилоттық жобаны іске асыру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжатқа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов және «ЦЭК» ЖШС-нің бас директоры Дархан Аманұлы Біржанов қол қойды.

Аталған меморандум мемлекеттік сатып алулар саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу арқылы талдау сапасын арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және сатып алу рәсімдерінің тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Жобаны іске асыру шеңберінде деректерді талдаудың автоматтандырылған құралдарын қолдану, тәуекелдерді алдын ала анықтау және басқарушылық шешімдер қабылдаудың сапасын арттыру көзделіп отыр.

Бұл бастама мемлекет пен отандық IT-сектор арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделіне көшуге мүмкіндік беріп, заңдылықты, ашықтықты және қоғамның сенімін нығайтуға ықпал етеді.