
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 26 қаңтар күні әкімшілік органдармен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Әкімшілік әділет саласын кеңейту шеңберінде 2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған Заңға, яғни ӘРПК-ге енгізілген барлық түзетулерге қатысты мәселелер қаралды.
Аталған жиналысқа Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасынан басқарма басшысы Ниязбеков Бауржан Қабылбекұлы, басқарма басшысының орынбасары Кудайбергенов Бахыт Сұлтанұлы, бөлім басшысы Сакыбекова Назерке Айтмухамедқызы және бас маман Джубаева Ардак Эрсаянқызы қатысты.