«Еңбек» РМҚК арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәселелері қаралды

«Еңбек» РМҚК арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәселелері қаралды

Шымкент қаласы әкімдігі және оның басқармалары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және «Еңбек» РМҚК-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысы Дадебай А.А. бекіткен хаттамалық кеңес мәжілісінің 3.2 тармағын орындау мақсатында кеңес өткізді. Кеңес барысында «Еңбек» РМҚК кәсіпорындары мен өндірістік компанияларда тауарларды өндіру бойынша тапсырыстар орналастыру мүмкіндігі, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамту үшін жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қаралды.

Басқармалар мемлекеттік сатып алу тәртібімен бір көзден (тек бір орында) тікелей келісімшарт жасау арқылы алынатын Қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін тауарлар, атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 2026 жылға арналған жылдық жоспарларын таныстырды (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 658 бұйрығына сәйкес).

Басқармалар «Еңбек» РМҚК арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлап отыр.