Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша семинар өтті

Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша семинар өтті

2026 жылғы 21 қаңтар күні Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заманауи өзгерістерге және электрондық дүкенді қолданудың практикалық аспектілеріне арналған офлайн-форматтағы бір күндік семинар өткізілді.

Іс-шара офлайн режимде ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және сатып алуға қатысушы ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Семинар бағдарламасы келесі бағыттарды қамтыды:

мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың өзекті өзгерістері;

сатып алуды жоспарлау және өтінімдерді беру тәртібі;

электрондық сауда алаңын қолдану ерекшеліктері;

электрондық дүкеннің функционалдық мүмкіндіктері;

құқық қолдану тәжірибесі және әкімшілік жауапкершілік мәселелері.

Спикерлердің бірі ретінде Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының квазимемлекеттік ұйымдардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы сөз сөйледі.
Ол тапсырыс берушілердің сатып алуды жоспарлау және өтінімдерді бірыңғай ұйымдастырушыға беру тәртібі туралы баяндап, қолданыстағы нормаларды практикада қолдану бойынша түсініктемелер берді.

Сонымен қатар, семинарға орталық мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар және электрондық сатып алу жүйелерін әзірлеуге тікелей қатысқан сарапшылар қатысты.
Спикерлер практикалық ұсынымдар беріп, пайдаланушылар жиі жіберетін қателіктерді талдады.

Қатысушыларға таратпа материалдар ұсынылып, қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақ қою және түсініктеме алу мүмкіндігі берілді.