АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСТАРЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСТАРЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтіп, онда 2025 жылға арналған қала бюджетінің игерілу қорытындылары жасалды, сондай-ақ, 2026 жылғы мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу мәселелері қаралды.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Ниязбеков баяндамасында мәслихаттың шешіміне сәйкес Шымкент қаласының 2026 жылға арналған бюджеті бекітілгенін атап өтті. Мемлекеттік сатып алуларға дайындық аясында бүгінде 315 мекеменің жылдық жоспарлары бекітіліп, веб-порталға орналастырылған.