2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қолдану тәртібі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қолдану тәртібі

2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі №214-VIII қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа кодексте қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін арттырылатыны көзделген.
ҚҚС мөлшерлемелері 2026 жылдан бастап
• 16% – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандартты мөлшерлемесі;
• 5% (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10%) – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, комплектующие, сондай-ақ техникалық компенсаторлық құралдар;
• 10% – отандық мерзімді баспа басылымдары;
• 0% – Салық кодексінің 47-тарауында көрсетілген айналымдар (экспорт, халықаралық тасымалдар, АЭА аумағына жеткізу және т.б.).
Комитеттің түсіндіруіне сәйкес, ҚҚС айналым жасалған күні бойынша есептеледі.
Сондықтан 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық салынатын айналымдарға, оның ішінде 2026 жылға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарына 16% мөлшерлеме қолданылады.