2025 жылғы 22–27 қараша аралығында Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен "WISE 12: Humanity.io" тақырыбындағы халықаралық семинарға Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара Жасанды интеллекті енгізу, сонымен қатар адамзаттық құндылықтардың білім беру саласындағы жаһандық үрдістерін талқылауға, инвестициялық жобаларды құру модельдері, инновациялық жобалармен таныстыруға және халықаралық тәжірибелерді зерделеуге арналды. Семинар барысында қатысушылар ұсынылған жаңа тәсілдер мен практикалардың тиімділігімен танысып, оларды мемлекеттік басқару саласында қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Мұндай халықаралық алаңдарға қатысуы кәсіби құзыреттерді кеңейтуге, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету процестерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.