Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі отырысы өтіп, оған кеңес мүшелері, қалалық басқарма басшылары, сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында қалалық Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы баяндама жасап, мемлекеттік сатып алу саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Басқарма басшысы мемлекеттік сатып алу басқармасы қала бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатынын және жұмысты орталықтандырылған әрі орталықтандырылмаған форматта жүзеге асыратынын атап өтті. Есепті кезеңде түрлі бағыттар бойынша сатып алу рәсімдері өткізіліп, ашықтық пен жариялылық қағидаларын сақтау қамтамасыз етілді.

Баяндама барысында басқарма тарапынан сатып алу нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштері мен шағымдары қаралатыны айтылды. Өтініштердің басым бөлігі бойынша қабылданған шешімдер өзгеріссіз қалдырылып, кейбір жағдайларда рәсімдер қайта қаралды. Бірқатар даулар сот тәртібімен қаралды.

Басқарма қызметіне қатысты ұсыныстар Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы сатып алу үдерістерін жетілдіру және қоғамдық ортада ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.