Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері семинар-тренингке қатысты

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері семинар-тренингке қатысты

2025 жылғы 13 қарашада Шымкент қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен масс-медиа өкілдеріне арналған «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру, ақпараттық саясатты жетілдіру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді байланыс орнату болды.

Аталған семинарға Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері де қатысып, тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру бағытында пайдалы ақпарат алды.

Семинар барысында қатысушылар медиасауаттылық, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату мәдениеті және қоғаммен байланыс орнату бойынша практикалық білім мен дағдыларды меңгерді.