«е-Otinish» бірыңғай платформасы бойынша оқыту семинары өтті

«е-Otinish» бірыңғай платформасы бойынша оқыту семинары өтті

2025 жылғы 12 қарашада Шымкент қаласы әкімінің аппаратының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «е-Otinish» – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері қатысып, Әкімшілік рәсімдік кодекс пен оған енгізілген өзгерістер, сондай-ақ Бас Прокурордың 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы талаптары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру және «е-Otinish» бірыңғай платформасын тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарға қаладағы барлық мемлекеттік органдардың «е-Otinish» жүйесі бойынша жауапты мамандары мен азаматтардың өтініштерін қараумен айналысатын орындаушылар, соның ішінде Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері де қатысты.