Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының негізгі атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының негізгі атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Ағымдағы жылға қаралған қаражаттар бойынша тапсырыс берушілер тарапынан 2019 жылы бекітілген алдын ала жылдық жоспарлар негізінде Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай – Басқарма) 2019 жылдың қараша айынан бері веб-порталда жалпы 1017 конкурс 203,7 млрд. теңгеге жарияланды.

Оның ішінде, 1017 конкурс бойынша 203,7 млрд. теңгеге қорытындылары белгіленіп қойған.

Анықтама ретінде:

-Құрылыс басқармасы бойынша 77,7 млрд. теңгеге 213 конкурс;

-Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 61 млрд.  теңгеге 175 конкурс;

-Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша 40,5 млрд.  теңгеге 461 конкурс;

-Білім басқармасы бойынша 4,5 млрд. теңгеге 60 конкурс;

-Дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша 6,7 млрд. теңгеге                10 конкурс;

-Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық және мәдениет басқармаларына қарасты ұйымдардың өтінімдері негізінде 3,7 млрд. теңгеге 36 конкурс жарияланған.

-Абай ауданы әкімі аппаратының веб-портал арқылы берген өтінімдері бойынша жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды сатып алуға 2,7 млрд.  теңгеге 14 конкурс;

-Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты бойынша  2,2 млрд. теңгеге 16 конкурс;

-Еңбекші ауданы әкімінің аппараты бойынша 1,2 млрд. теңгеге 19 конкурс;

-Қаратау ауданы әкімінің аппараты бойынша 871,2 млн. теңгеге 4 конкурс жарияланды.

 

 

Бүгінгі күнге құрылыс басқармасының өтінімі негізінде жарияланған конкурстар ішінен 77,7 млрд. теңгеге 213 конкурстың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар 73,5 млрд. теңгеге анықталып 3,9 млрд. теңге үнемделді.

Сонымен қатар, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 61 млрд.  теңгеге 175 конкурстың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар 57,8 млрд. теңгеге анықталып 3,2 млрд. теңге үнемделді.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша 40,5 млрд. теңгеге жарияланған 461 конкурстан 1,1 млрд. теңге үнемделді.

Дағдарыс жағдайы кезінде жұмыспен қамтудың жол картасы аясында арнайы тәртіппен өткізілетін конкурс тәсілімен жалпы 225 конкурс 40,1 млрд. теңгеге жарияланып, жеңімпаздар 38,2 млрд. теңгеге анықталған, үнемделген сома 1,8 млрд. теңгені, яғни 4,68 пайызды құрап отыр.