Шымкент қаласында «Жанашыр жүректер» қайырымдылық акциясы өтті

Шымкент қаласында «Жанашыр жүректер» қайырымдылық акциясы өтті

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеу аясында Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы «Жанашыр жүректер» атты жалпықалалық акцияға қатысып, әлеуметтік осал топ өкілдеріне қолдау көрсетті.

Акцияның мақсаты – қоғамда жанашырлық сезімін ояту және мұқтаж азаматтарға нақты көмек ұсыну.

Іс-шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді.

Осындай бастамалар азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, мейірімділік пен бірлік рухын нығайтуға ықпал етеді.

Республика күні – ел бірлігі мен егемендіктің символы. Бұл мереке әрбір адамға қамқорлық пен құрмет көрсетуге үндеу салады.