
Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы экологиялық мәдениетті арттыру және қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты.
Акция барысында басқарма қызметкерлері сенбілікке шығып, мекеме аумағын және оған іргелес аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және Шымкент қаласында таза, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, қоғамның назарын экологиялық мәдениетті дамыту мен табиғатты қорғау мәселелеріне аударуға бағытталған.
Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса бермек.