Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы жүргізіп отырды.
Отырысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссияларына төрағалар және мүшелер сайланды.
1. Бюджет және экономиканың дамуы, инвестиция жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Шалабаев Исмаилбек Ибрайұлы;
2. Азаматтық қоғам институттарымен байланыс, әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Иманқұлов Әбдез Рахманұлы;
3. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Пан Юрий Радионович;
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау, заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Әміртаев Азат Ермекбайұлы.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері төралқа құрамын және 2025 жылға арналған қоғамдық кеңестің жылдық жоспарын талқылап, бекітті.
Қорытынды сөзді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы алып, қоғамдық кеңестің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, қаладағы бірқатар өзекті мәселелерді кеңес мүшелерімен талқыға салды.