Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға мәслихат депутаттары мен қала әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының басым бөлігі тұрғын үй кезегіне тұру, баспанамен қамту, жер телімін заңдастыру, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері, Чернобыль ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қамтыды.
Б. Нарымбетов әрбір өтінішті мұқият тыңдап, тиісті сала мамандарымен бірге тұрғындарға мәселенің шешу жолдарын түсіндірді. Азаматтардың айтылған ұсыныстары назарға алынды.
Сонымен қатар, зерделеуді қажет ететін өтініштер тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, шешімін қарастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.