Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Сессияға Б.М. Нарымбетов төрағалық етті. Сессияға қала әкімі Ғ.Ә. Сыздықбеков, әкімдік мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Қаратау ауданының әкімі лауазымына ұсынылған кандидатураны тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды.
Сессия барысында қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Қаратау ауданының әкімі лауазымына Алмас Емелтайұлы Абаевтың кандидатурасын ұсынды.
Депутаттар А.Е. Абаевтың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне сенім білдіріп, Қаратау ауданының әкімі лауазымына тағайындауға бірауыздан келісім берді.
Сессияны қорытындылаған Бахадыр Мәдәліұлы жаңадан тағайындалған әкім Алмас Емелтайұлына Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.