Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында кезекті жиырма бесінші сессиясының күн тәртібіне енген мәселелер қаралды.
Мәслихат төрағасы Б. Нарымбетовтың төрағалығымен өткен отырыста төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды:
- «2025 – 2027 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»
2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 23/195-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласы әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі;
- Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстар мен дамыту шаралары туралы;
- Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
- «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
- Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 37/295-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 37/297-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Жиынға әкімдік мүшелері, басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды шаралардың жүзеге асырылу барысы тыңдалды. Депутаттар мәселелерді егжей–тегжейлі пысықтап, ұсынылған жобалар мен атқарылған жұмыстарды одан әрі жандандыру бойынша сауалдар жолдады. Пысықталған мәселелерді кезекті сессияның күн тәртібіне енгізу бойынша шешім қабылданды.