
Бүгін мәслихаттағы құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырысы өтті.
Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ш. Қозбаховтың төрағалығымен өткен мәжілісте кезекті XXV сессияның күн тәртібіне енген төмендегі мәселелер талқыланды.
Комиссия отырысына аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысып, жоспарланған мәселелер бойынша баяндама жасады.
Депутаттар баяндамашыларға бірқатар сауалдар жолдап, мәселелер жан-жақты талқыланды.