Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVІ сессиясы өтті  

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVІ сессиясы өтті   

Бүгін қала мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына  мәслихат депутаттары, қала әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысы тікелей эфир арқылы онлайн трансляцияланды.

https://www.youtube.com/watch?v=fhHww9_NNJ8 https://www.youtube.com/watch?v=fhHww9_NNJ8

Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған 8 мәселе қаралды.

Тұран ауданы әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураның бағдарламасын тыңдап, Б.Қ Әзімбердиевті  тағайындауға келісім берілді.

Шымкент қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері бекітілді. Бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тиімділігі талқыланды.

Сонымен бірге, депутаттар жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есепті қарады. Жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мәселелері зерделенді.

Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Әлеуметтік мәні бар жолаушылар қатынастарының тізбесіне қосымша 3 маршрут енгізілді.

Сессия барысында сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының Құрмет грамотасы» табысталды.