Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті

Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVІ сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есептер, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы және қаржылық тәртіп мәселелері қаралды.

Отырыста жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және бюджет тиімділігі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, депутаттар туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының атқарылған жұмыстары туралы есепті, жолаушылар көлігі саласындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізілетін өзгерістер мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім жобалары Шымкент қаласы мәслихатының алдағы кезекті сессиясының қарауына ұсынылды.